Мектеп асханасы » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2021

Мектеп асханасы







Қаламыздағы «К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп» асханасын 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап жеке кәсіпкер «Г.Суханбаева» жалға алып, қызмет көрсетіп келеді. Осы жеке кәсіпкерлік қолға алғаннан бері, тек жақсы қырларынан көзге түсіп, көптің алғысына бөленіп жүр. Оған келтірер дәлеліміз де жоқ емес. Бастысы, қарамағындағы алты қызметкерлер көпшілікпен, соның ішінде балалармен жұмыс жасауға бейімделген. Ас мәзірі дайындауға баса назар аударады. Тағамдардың дәруменделуі әрі сұранысқа қарай жаңартылып отыруына мән беретін асхана қызметкерлері, тазалықтың сақталуын да қадағалап отырады. Мектепте жалпы оқушы саны-765. Осы баланың барлығы ыстық тамақпен қамтылған. Оның ішінде 111 оқушы тегін тамақтанады. Асханада ас мәзірімен қатар, сыныптардың келу кестесі, пікір жазу кітабы үнемі жүргізіліп тұрады.
Асхананың қызмет көрсетуі жоғары деңгейде деп айтуға тұрарлық. Келушілер тарапынан үнемі алғыс айтылып, ата-аналар мен оқушылардың ыстық ықыласына бөленіп келеді. Мектептің әкімшілік тарапынан асхананың қызмет көрсетуі үнемі қадағаланып отырады. Техникалық жабдықталу жағдайы жақсы, безендірілуі де көңілге қонымды.
«Ас адамның арқауы» демекші, ас-судың таза да сапалы болуына барынша еңбектеніп жүрген жандарға айтар алғысымыз шексіз.

Столовая СШ №7 имени К.Д.Ушинского г.Талдыкорган, начиная с 01.09.2016 находится в аренде у индивидуального предпринимателя ИП «Г.Суханбаева», которая оказывает питанием. Предприниматель организовал качественное питание и обслуживание, тем самым добились благодарностей посетителей столовых. Штат из 6 специалистов отлично справляется со своими профессиональными обязанностями. Хорошо организовано детское питание. Меню составляется в связи потребностями детского питания и соответствует санитарным нормам. Количество учащихся в школе 765 детей. Учащиеся обеспечены горячим питанием. 111 учащихся обеспечены бесплатным питанием. Составлен график бесплатного питание начальных классов.
Профессиональная деятельность столовой которая находится на аренде можно оценить на должной уровне. Родители учащихся с благодарностью посещяют столовую школы. Столовая находится под контролем администраций школы. Столовая обеспечена необходимым оборудованием. Проявляем благодарность за качественное питание и обслуживание.