Мектеп тарихы » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2017

Мектеп тарихы

 

Мектеп тарихы

К.Ушинский атындағы № 7 орта мектеп, Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі 149 үйде орналасқан. Мектепке 2005 жылдан бері Нұрлыбаева Жамал Нұратайқызы басшылық етіп келеді.

Мектеп 1937 жылы Ш.Уәлиханов атындағы 8 жылдық мектеп болып құрылды. 1945 жылдың 21 желтоқсанында орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің 75 жылдығына байланысты Талдықорған қалалық атқару комитетінің депутаттар кеңесінің шешімі негізінде, К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп болып өзгертілді. 1967 жылы жаңа типті мектепке көшірілді.

1998 жылдың 16 желтоқсанында мектеп «К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі болып тіркелді.

Бүгінгі күнде 2 ауысымда білім беретін мектепте 738 оқушы білім алуда. Мектепте 65 жоғары білімді, 3 арнайы орта білімі бар ұстаздар еңбек етеді. Киелі шаңырақта 24 жоғары санатты, 14 бірінші санатты мұғалім, Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің білімін көтеру курсын деңгейлік бағдарламасы бойынша оқыған 13 мұғалімдер қызмет атқарады. Ұстаздар арасында 1«Еңбек Ардагері» медалінің иегері, 1 ҚР Білім беру ісінің Үздігі, 1 «Ы.Алтынсарин төсбелгісінің» иегері жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде. Мектеп ұстаздары мен оқушыларына мүмкіндігінше барлық жағдайлар жасалған. Оқу кабинеттеріне манитор қойылған, химия, физика, биология, технология кабинеттері жаңа үлгідегі модификацияланған жабдықтармен жабдықталған. Бастауыш сынып, информатика және тілдер кабинеттерінде сабақты интерактивті тақтамен өткізуге жағдай жасалған.

Мектеп бітіруші түлектер арасында 2006-2007 оқу жылы Нұрмұханқызы Дания, 2009-2010 оқу жылы Сисембаева Динар, Андросенко Елена, 2010-2011 оқу жылы Төленбаева Әсел, Қапарова Ельназ, 2013-2014 оқу жылы Серікқызы Сағадат «Алтын белгі» иегерлері атанды. 2006-2007 оқу жылы Жұмағұлов Рауан, 2009-2010 оқу жылы Жетписбаева Айнур, Күнболатова Куаныш, 2010-2011 оқу жылы Амантай Тоғжан, 2015-2016 Айжан Сулейменова, Анель Сейсенбекова «Үздік аттестат» иегерлері атанып, мектеп тарихында есімдері қалды.

Мектеп қабырғасында білім алушылар арасында дарынды балалар қатары жылдан-жылға артуда. Соңғы 3 жылда Халықаралық ғылыми жарыстардан 11 сынып оқушылары Амантай Аида, Кумашев Ержан, жетекшісі – Шалбаева Дилдахан Сейдиловна, Орынбай Асыл, жетекшісі Жамали Сауле Серикбековна, 2013-2014 оқу жылы, 10 сынып оқушысы Әскербек Ақбота, жетекшісі – Омарова Кулбахыт Утегеновна 2015-2016 оқу жылы жүлделі орындар иеленіп мектеп мерейін асырды.

2015-2016 оқу жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен Республикалық олимпиадада информатика пәнінен 11 сынып оқушысы Угай Янис 3 орын иеленді, мұғалімі Дауталинова Зинегуль Байқасыновна.

Қалалық «Жыл мұғалімі-2015» байқауында тарих пәнінің мұғалімі Молдабаева Жанна Маратқызы I орын иеленді. Қалалық «Бүгінгі жас маман - ертеңгі ұлағатты ұстаз» байқауында жас маман, бастауыш сынып мұғалімі Нағайбекова Динара Бекбаевна II иеленді. Қалалық «Педагогикалық дебют-2016» жас мамандар байқауында, бастауыш сынып мұғалімі Ражимова Маржан Қыстаубаевна III орынға ие болды.

79 жыл тарихы киелі шаңырақта жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде жемісті еңбек еткен және еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздарды мақтан тұтамыз.

Абдықадырова Несіпбала Нусиповна, Анисимова Зоя Владимировна,Телгозина Шолпан Рахимбековна, Литвинова Галина Григорьевна, Рудер Нина Венадьевна, Қожахметова Гулшат Сибағатовна,Каримова Назия Самигуловна, Хамитова Факия Шаукетовна, Медетбекова Мейрамгуль Нургожаевна – зейнеткер ұстаздар.

Градовская Нина Михайловна, Емирова Жанат Төлешовна, Емцева Любовь Ивановна, Гакесеева Асида Турсыновна, Алыбаева Лилиана Яковлевна, Бекежанова Айман Тұрсынғалиевна, Григорьева Лидия Дмитриевна, Сиротина Тамара Юрьевна, Постойкина Ольга Браниславовна осы мектепте ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан ұстаздар.

Мектеп бітірген бірқатар түлектер бүгінгі күні Елімізге еселі еңбек етіп жүрген азаматтар.

1967-1968 оқу жылы мектеп бітірген түлектердің бірі Маян Рахымжанқызы Ізбасар Қазақстан Республикасы сәулетшілер одағы қазақ сәулет құрылыс бас академиясының құрметті профессоры, «Қазақстанның құрметті сәулетшісі» белгісінің иегері, 1968 - 1969 оқу жылы мектеп бітірген Тамаровский Михаил Владимирович ауылшаруашылығы ғылымының докторы, академик, Қожамберлиев Ермек Санович Ақтау қаласындағы әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары, 1972-1973 оқу жылы түлек Рафкат Валиахмедович Афиндеев Талдықорған қаласында У.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық факультеті деканының орынбасары, академиялық профессор т.б. республика, облыс көлеміне белгілі азаматтар.

Похожие публикации:

10 октябрь 2017 Әдістемелік кеңес
14 ноябрь 2017 Мектеп ұжымы
10 ноябрь 2017 Мекен жайымыз