10
декабрь
2025
Қазақ елінің ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында білім ордамызда “Мен қазақпын” тақырыбында 5-7 сыныптар арасында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды.
Қазақ елінің ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында білім ордамызда “Мен қазақпын” тақырыбында 5-7 сыныптар арасында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың ел тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рухты көтеру және оқушылардың көркемсөз оқу шеберлігін дамыту болды.
Байқауға әр сыныптан белсенді оқушылар қатысып, қазақтың әдеби мұрасынан, патриоттық өлеңдерден және “Мен қазақпын” тақырыбындағы авторлық туындылардан үзінділерді мәнерлеп оқыды. Қатысушылар дауыс ырғағы, сахналық мәдениет, көркем мазмұндау және мәтінді терең жеткізу қабілеттері бойынша бағаланып мақтау қағаздарымен марапатталды👏📊
https://www.instagram.com/reel/DSFiKCciPd4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==