Мектептегі тамақтану » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2020

Мектептегі тамақтану

«К.Ушинский атындағы №7 орта мектебі» КММ

Мектептегі тегін ыстық тамақтану және асхана бойынша МӘЛІМЕТ

Мектебімізде оқушылардың салауатты тамақтануы үшін асхана жұмыс жасайды.
Асхананы және оқушылардың тамақтануын бақылап тұратын мектепте арнайы комиссия бар.
Мектеп асханасы ас мәзірін дайындауға баса назар аударады. Тағамдардың дәруменделуі әрі сұранысқа қарай жаңартылып отыруына мән беретін асхана қызметкерлері, тазалықтың сақталуын да қадағалап отырады. Мектепте жалпы оқушы саны - 807. Осы баланың барлығы ыстық тамақпен қамтылған. Оның ішінде 148 оқушы тегін тамақтанады. Асханада ас мәзірімен қатар, сыныптардың келу кестесі, пікір жазу кітабы үнемі жүргізіліп тұрады.
Асхананың қызмет көрсетуі жоғары деңгейде деп айтуға тұрарлық. Келушілер тарапынан үнемі алғыс айтылып, ата-аналар мен оқушылардың ыстық ықыласына бөленіп келеді. Мектептің әкімшілік тарапынан асхананың қызмет көрсетуі үнемі қадағаланып отырады. Техникалық жабдықталу жағдайы жақсы, безендірілуі де көңілге қонымды.