Қамқоршылық кеңесі жұмысының 1 жартыжылдықта атқарған жұмысы » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесі жұмысының 1 жартыжылдықта атқарған жұмысы
10
декабрь
2017

Қамқоршылық кеңесі жұмысының 1 жартыжылдықта атқарған жұмысы

К.Ушинский атындағы №7 орта мектебі КММ бойынша
Қамқоршылық кеңесі жұмысының
I жартыжылдықта атқарылған жұмысының есебі
«К.Ушинский атындағы №7 орта мектебі»КММ-нің дамуына ықпал ету мақсатында құрылған алқалы басқару органы болып табылады. Кеңес өз қызметі барысында ҚР Конституциясын, «Білім туралы»заңын, ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады. Нақтырақ айтса мектептің қамқоршылық кеңесі оқу-тәрбие үрдісінің үздіксіз жұмыс істеуіне және дамуына ықпал ету, білім үрдісін жетілдіруге, білім сапасын арттыруға мектептің барлық кеңестерінің мүшелерін мектептің іс-шараларын ұйымдастырып, қатыстыруға, өзін-өзі басқару жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 2 қыркүйегінде құрылды. Кеңес құрамына 9 адам сайланды. Олар:
1. А.Алимбаева – қалалық перенаталдық орталық- бас есепші
2. С.М.Федоляк – әскери зейнеткер
3. А.Жұмаханова – жұмыссыз
4. Камиля Сауытбекова – ардагер ұстаз
5. Құдайберген Иманғали – заңгер
6. Нығымбетова Салтанат – АОСК «Комеск Өмір» менеджер
7. Сарсенбаева Назгуль – Гос.стандарт-жетекші маман
8. Файзулина Анар -№15 балабақша – дене шынықтыру мұғалімі
9. Өнімбай Ыдырыс – жеке кәсіпкер
Қыркүейк айындағы №1 отырыста Кеңес мүшелерінің міндеттері бөлініп берілді. Сонымен қатар, бірінші отырыста Қамқоршылық кеңес мүшелері білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен таныстырылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынуымен 12 мамыр күні сағат 18:00-де мектепте өткен республикалық ата-аналар жиналысында Қамқоршылық кеңестің міндеттерімен, кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттерімен, қамқоршылық кеңестің құрамы, жұмыс тәртібі және шарттарымен ата-аналар таныстырылып, Кеңес құру туралы шешім қабылданды. Шешімді іске асыру мақсатында қыркүйек айынан бастап Қамқоршылық кеңес жұмысы ұйымдастырылды.
I жартыжылдықта Қамқоршылық кеңесі келесі шараларды өткізді:
- Жалпы ата-аналар жиналысына қатысып, оқушылардың жалпы мектептегі тәртібі, сырт бейнесі, сабаққа кешігіп келмеу туралы түсінік берді.
- Қараша айында ата-аналарға «Тәрбие және отбасы» тақырыбында семинар өткізіліп, бірауыздан балаларды бірге тәрбиелеу қажеттігін қарастырды.
- Желтоқсан айында «Дені саудың- жаны сау!» ұранымен ұстаздар, ата-аналар, оқушылардың қатысуымен отбасылар жарысы өткізіліп, жүлделі отбасылар марапатталды.
Қамқоршылық кеңестің екінші отырысы өтті.


Мектеп директоры Ж.Нұрлыбаева