Мектеп оқушыларымен профилактикалық іс-шара » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп оқушыларымен профилактикалық іс-шара
06
апрель
2022

Мектеп оқушыларымен профилактикалық іс-шара

2022 жылдың 6 сәуірінде Көліктегі ПД Үштөбе ст. ЖПб Талдықорған станциясындағы ЖПб-нің қызметкерлері Алматы облысы Талдықорған қаласының К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп оқушыларымен профилактикалық іс-шарасы өткізілді Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз, сондай-ақ балалардың жарақат алу, жазатайым оқиғалар, жолаушылар поездарының әйнектерін сындыруларын және адам басып кету фактілерін болдырмау болып табылады.
Дәріс барысында оқушыларға темір жолдарында болу ережелері туралы айтылып, темір жолында қауіпсіздік ережелері, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілігі атап көрсетілді. Сондай-ақ, темір жолында ойын ойнаған жасөспірімдер өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге душар етуі, олардың бейқамдығы поездардың жүру қауіпсіздігіне, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына, тасымалданатын жүктердің сақталуына қауіп төндіріп, жолдарға едәуір материалдық шығын келтіретіндігі туралы жеткізілді.
Лездеме барысында түрлі қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін 2021-2022 оқу жылында жасөспірімдердің вагон үстіне шығып, жоғарғы кернеулі электр тобынан зардап шекпеу жолдарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, қысқы демалыс кездерінде темір жол аумағында жүрмеуге, тик-токқа түсем деп қайғылы жағдайға ұшырап қалмау, оқушылардың аспа көпір арқылы өту керектігі, сонымен қатар, вагондардың үстіне шықпау, жолаушылар поездарына тас лақтырмау керектігі, темір жол вагондарындағы түрлі түсті метал бөлшектері ұрлықтары бойнша ұрлықтың алдын алу жөніндегі мәселелер оқушыларға қатаң түрде ескертілді, мысалдар келтірілді.
«Мына ережені әрдайым есте сақта !»
- Жүріп бара жатқан поезға, вагонға жабысуға,
- белгіленбеген жерде темекі шегуге,
- тоқтап тұрған жүк пойызының үстіне шығуға,
- өтіп бара жатқан жолаушылар пойызының терезесіне тас лақтыруға,
- вагон астынан өтуге,
- темір жол бойында жүруге, ойнауға,
- келе жатқан пойыздың алдын кесіп өтуге, жүгіріп өтуге,түнгі уақытта бейберекет жүруге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!!!