«Біз сыбайлас жемқорлыққа – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз!» » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біз сыбайлас жемқорлыққа – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз!»
18
февраль
2022

«Біз сыбайлас жемқорлыққа – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз!»

«Біз сыбайлас жемқорлыққа – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз!»
Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады.Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.
Мектептегі тәрбие жұмысының басты бағыттарының бірі – оқушылардың құқықтық тәрбиесі болып табылады. Жалпы тәрбие белгілі уақытта ғана, белгілі сабақта ғана берілетін зат емес. Тәрбие өмірде, әр сабақта, әрбір іс-әрекет арқылы берілетін, мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейтін, үздіксіз жүргізіліп отыратын үрдіс. Бала естігенін емес, көргенін істейді. 
Еліміздің Президенті Қ.К. Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі. Бұл – менің берік ұстанымым және сайлауалды бағдарламада халыққа берген уәдем.  Осы жұмыста ешқандай көзбояушылыққа, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге жол берілмеуге тиіс. Талап қатаң болады» деп атап өтті.
 Жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында  мектептің 9 «а» сыныбында «Біз сыбайлас жемқорлыққа – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз!» тақырыбына өткен тәрбие  сағатына қонақ ретінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бірінші орынбасары қызметін атқарған ардагер Абдрахманов Талғат Ахметұлы шақырылды. 
Мектеп Президенті Бақытжанұлы Әлидің ұйымдастыруымен шақырылған қонағымыз  ардагер Абдрахманов Талғат Ахметұлы өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған қызығы мен қиындығы мол қызметі туралы оқушыларға әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Қандай қызмет атқарсаң да, қандай жұмыс істесең де тыныш ұйықтау үшін адал, әділетті болу қажеттігі баса айтылды. Парамен шешілетін мәселеде екі қылмыскер болады: біреуі - пара  беруші болса, екіншісі – пара алушы.
 Ардагер Абдрахманов Талғат Ахметұлы балалардың тек патриоттық сезімін оятып қана қоймай,  сонымен қатар ата-аналарын сыйлауға шақырды.