"Қауіпсіз мектеп" акциясы » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
октябрь
2019

"Қауіпсіз мектеп" акциясы

Талдықорған қаласы, К.Ушинский атындағы №7 орта мектебінде «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы өтті.
2019 жылдың қыркүйек айында балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мектебімізде «қауіпсіз мектеп» акциясы өтті.
Акция мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың, ата-аналардың, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдерінің қатысуымен өтті.
1-4 сынып оқушылары арасында «қауіпсіз мектеп» тақырыбында сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: қауіпсіз жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелерін түсіндіру болды.
Мектепке кірме жолдарының қауіпсіздігін жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері уақытылы қадағалап тұруда. Жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерде «Балалар» белгісі орналасқан, «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісі бар.
Сондай-ақ балаларды көлік құралдарына отырғызу және түсіру кезіндегі қауіпсіздігін мектеп инспекторы А.Тулеуова және жергілікті полиция қызметінің өкілдері түсіндіріп өтті.
Жол қозғалысы ережелері туралы парақшаларды таратумен жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша 5-7 сыныптарда қауіпсіздік сабақтары өтті.

"Қауіпсіз мектеп" акциясы
"Қауіпсіз мектеп" акциясы
"Қауіпсіз мектеп" акциясы
"Қауіпсіз мектеп" акциясы