Мұғалім мәртебесі, ата-ана мен оқушының міндеттері! » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұғалім мәртебесі, ата-ана мен оқушының міндеттері!
15
март
2022

Мұғалім мәртебесі, ата-ана мен оқушының міндеттері!



2022 жылдың  14 наурыз күні мектеп бойынша «Мұғалім мәртебесі ата-ана мен оқушының міндеттері» тақырыбына  жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. 
Жалпы ата-аналар жиналысына қалалық білім бөлімінің маманы Қ.Д.Какимбаева, мектеп директоры Ж.Н.Нурлыбаева, мектеп инспекторы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор полиция лейтенанты А.Болатқызы және мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологтары, әлеуметтік-педагог қатысты. 
Жиналыс барысында ата-аналардың және оқушылардың құқықтары мен міндеттері , мұғалім мәртебесі көрнекі түрде түсіндірілді. 
«Әр адам қандай жетістікке жетсе де, білім берген ұстаздарын ерекше қадірлейді» деп ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, мұғалімді құрметтеген ата-ана баласының жақсы тәрбие алуына ықпал етеді. 
Мектеп инспекторы А.Болатқызы кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында құқық бұзушылыққа қолданылатын жаза түрлерімен таныстырды. 
Бала тәрбиесі бір жақты болып қалмай, «Ата-ана- Мектеп-Қоғам» үштігі бір бағытта, бір мақсатта жұмыс істегенде ғана жақсы нәтижеге жететіндігі айтылды.