"ЖАС АКТЕР" фестивалі » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
ноябрь
2021

"ЖАС АКТЕР" фестивалі

2021 жылдың 27 қарашасында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен "М. Мақатаевтың 90 жылдығы, Ж. Жабаевтың 175 жылдығы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш президент күніне арналған І облыстық "ЖАС АКТЕР" фестивалі өткізілді.
Аталған фестивальде М.Мақатаевтың "Алтай-Атырау" және Ғ.Жайлыбайдың "Қара орамал" поэтикалық қойылымдары, №2 орта мектебінің Р.Отарбаевтың "Нұржауған ғұмыр" драмасы көрсетілді. Сонымен қатар, өзіміздің мектептің оқушыларының қатысуымен Р.Отарбаевтың "Нұржауған ғұмыр" драмасы қойылды. 
Фестивальге мектеп ұстаздарымен бірге мектеп директоры Жамал Нұратайқызы да оқушыларымызға қолдау көрсетті. 
Жас өнерпаздарға тілеріміз қанаттарың талмай, өнерлерің биіктей берсін.👏🏻❗✨
Фестивальге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері,  Бикен Римова атындағы драма театрының негізін салушы, ардагер - Кендебай Темірбекұлының сіңірген еңбегі зор. Құрметті Кендебай Темірбекұлы, шәкірт тәрбиелеу жолында тек толағай табыс жетістіктер тілейміз, еңбегіңіз жаңа берсін.