1- қыркүйек білім күні » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

1- қыркүйек білім күні

К.Ушинский атындағы N° 7 орта мектеп КММ бойынша 2021-2022 жаңа оқу жылы 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынның өтілуі. Мектебімізде Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны 1 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылып өтті .Iс-шараға 1 сынып оқушыларының ата-аналарының біреуіне қатысу ұсынылған. Барлық санитарлық талаптар сақталынып өтілді. Мерекелік іс-шараны мектеп директоры Нурлыбаева Жамал Нуратаевна мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды құттықтау сөзімен бастады. Салтанатты жиынның бір ерекшелігі Тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағын әлемдік білім биігіне бастайтын кітапқа Төрлет ,Әліппе демекші «Әліппе», «Букварь » оқулығы оқушыларға ұсынылды. 2021 жылдың 1 қыркүйегінде 2-11 сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктeрі» тақырыбында республикалық сынып сағаты, ашық сабақтары сынып ішінде өткізілді. Іс-шара өз деңгейінде өтті. #7мектеп #білімкүніқұттыболсын #поздравляемсднемзнаний #bizbirgemiz #мывместе @goroo_tdk @zhetysu_bilim