"Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы" онкүндігі » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы" онкүндігі
16
сентябрь
2021

"Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы" онкүндігі

15 қыркүйек күні Талдықорған қаласы «К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» тақырыбындағы тілдер мерекесінің онкүндігіне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған республикалық конференциясы өткізілді. Конференцияның негізгі мақсаты Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оқушылардың рухани байлығын, дүниетанымын кеңейту.
Аталған Республикалық конференцияға
1. Имаханбет Райхан Сахыбекқызы – Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі «Тіл – құрал» ОӘҒЗО директоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты;
2. Сейітбекова Айнұр Аташбекқызы - Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тіл тарихы және диалектология бөлімінің меңгерушісі,  филология ғылымдарының кандидаты;
3. Даиржан Гүлназ - С. Сейфуллин атындығы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының кітапханашысы. Сонымен қатар құтты қонақ ретінде аталмыш конференциямызға - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері,  Бикен Римова атындағы драма театрының негізін салушы, ардагер - Кендебай Темірбекұлы сынды тіл жанашырлары қатысты.
Тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға,  қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін конференцияда мектеп оқушылары да Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін және ғалымға арнауларын тарту етті. Конференция 10 А-сынып оқушысы Дүйсенбек Жәнібектің орындауындағы "Жаса, Қазақстан!" әнімен аяқталды.