«К.Ушинский атындағы № 7 орта мектеп» КММ-де 10 «А», 10 «Б» сыныптарының оқушыларымен «НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ» тақырыбында дәріс өтті. » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «К.Ушинский атындағы № 7 орта мектеп» КММ-де 10 «А», 10 «Б» сыныптарының оқушыларымен «НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ» тақырыбында дәріс өтті.
24
сентябрь
2025

«К.Ушинский атындағы № 7 орта мектеп» КММ-де 10 «А», 10 «Б» сыныптарының оқушыларымен «НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ» тақырыбында дәріс өтті.

2025 жылғы 24 қыркүйек күні «К.Ушинский атындағы № 7 орта мектеп» КММ-де 10 «А», 10 «Б» сыныптарының оқушыларымен «НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ» тақырыбында Жетісу облысы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Мырзакулов Дастан Маликжановичпен профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты - қазіргі заманның жаһандық мәселеге назар аудара отыра, жас өспірімдердің арасында есірткі заттарын пайдалануға, таратуға теріс көзқарасты қалыптастыру.
Кездесу барысында бүгінгі қоғамда өзекті және алаңдатарлық мәселенің бірі – синтетикалық есірткі заттарының жас өспірімдер мен оқушыларды күшімен таралуы атап өтілді. Дастан мырза, нашақорлықтың адам өмірі мен денсаулығына кері әсері, есірткіге құмарлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлар туралы қажетті ақпараттар беріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды.
Бейнероликтер арқылы оқушылардың назарына есірткі қылмысын жасаған жас өспірімдерге заң аясында қандай жаза қолданылатындығын түсіндірді. Граффити арқылы есірткі жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын ескертті. Қазір өңірде арнайы мониторинг тобы жұмыс істейтіндігін жеткізіп, тыйым салынған жарнамалар туралы деректерді полицияға жолдап отырғандығын айтты.

https://www.instagram.com/reel/DO-v-hECFoa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==