23
сентябрь
2025
«К. Ушинский атындағы №7 орта мектеп» КММ-де педагогикалық ұжыммен «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ –ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында жиналыс өткізілді.
2025 жылдың 22 қыркүйек күні «К. Ушинский атындағы №7 орта мектеп» КММ-де педагогикалық ұжыммен «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ –ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Басты мақсат балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру. Жиналыс барысында қазіргі қоғамдағы алаңдататын мәселелердің бірі-балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін талқылау болды.
Күн тәртібінде:
• Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру;
• Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер;
• Мұғалімдердің бала тәрбиесіндегі рөлі мен жауапкершілігі.
Интернеттегі қауіптер, шынайы өмірдегі буллинг пен кибербуллинг, балалар арасында өсіп жатқан тренд онлайн ойындар, баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс барысында педагогтерге оқушыларды зиянды ақпараттан қорғау, интернетті дұрыс пайдалану мәдениетін қалыптастыру және отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты күшейту бағытында ұсыныстар берілді.
Балалардың қауіпсіздігі – әрбір мұғалім мен ата-ананың ортақ міндеті!
https://www.instagram.com/p/DO7z6w6CM8r/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==