8-10 сынып оқушылары арасында “Мақал-сөздің мәйегі” атты мақал мәтел сайысы өткізілді. » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 8-10 сынып оқушылары арасында “Мақал-сөздің мәйегі” атты мақал мәтел сайысы өткізілді.
17
октябрь
2023

8-10 сынып оқушылары арасында “Мақал-сөздің мәйегі” атты мақал мәтел сайысы өткізілді.

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 17 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы аясында, жоспарға сәйкес 8-10 сынып оқушылары арасында “Мақал-сөздің мәйегі” атты мақал мәтел сайысы өткізілді. 
Байқаудың  мақсаты:  жас ұрпақты  бабаларымыздың  заманалар  бойы  жинаған  даналығының  інжу-маржаны,  сөз  мәйегі  болып  табылатын  мақал-мәтелдер  арқылы  тәрбиелеу,  саналы  ой мен  көркем  мінез-құлқын  қалыптастыруға  ықпал ету.  Байқауға барлығы 11 оқушы белсене қатысты. 
Бас жүлдеге 9 а сынып оқушысы Абылқан Үміт, 2 орынды 9 ә сынып оқушысы Амантай Архат,
3 орынды 10 а сынып оқушысы Берикжанова Сабина иеленді. 
Бас жүлде иегеріне киноға екі билет тапсырылды.