10 «А» сынып оқушысы Төлеуханова Азиза қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 10 «А» сынып оқушысы Төлеуханова Азиза қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
28
сентябрь
2023

10 «А» сынып оқушысы Төлеуханова Азиза қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.

2023 жылдың 27 қыркүйек күні Талдықорған қаласының әкімдігі «Талдықорған  қаласының  мәдениет  және  тілдерді  дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен 15-17 жас  аралығындағы  мектеп  оқушылары  арасында  Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан  халқы тілдерінің мерекесі  күніне арналған «Мақал – сөздің мәйегі» атты қалалық іс-шара өткізілді. Байқаудың  мақсаты:  жас ұрпақты  бабаларымыздың  заманалар  бойы  жинаған  даналығының  інжу – маржаны,  сөз  мәйегі  болып  табылатын  мақал-мәтелдер  арқылы  тәрбиелеу,  саналы  ой мен  көркем  мінез-құлқын  қалыптастыруға  ықпал ету.  Байқауға барлығы – 24 оқушы белсене қатысты. Сол байқауға «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 «А» сынып оқушысы Төлеуханова Азиза қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жексембекова Бекзат Сүймбекқызы.

Похожие публикации: