16
июнь
2022
«Түлек 2022- Жаңа Қазақстанның ертеңі!» тақырыбында мектеп бітіру салттанатты кеші
2021–2022 оқу жылының аяқталуына байланысты «Түлек 2022- Жаңа Қазақстанның ертеңі!» тақырыбында мектеп бітіру салттанатты кеші ағымдағы жылдың 16 маусым күні өтті. Мектеп бойынша 45 түлек жалпы орта білім туралы аттестаттарын қолдарына алды. «Алтын белгі» төсбелгісімен үш оқушы - 11 «ә» сынып оқушысы Шаяхмет Шынар, 11 «б» сынып оқушылары Даревич Ульяна және Ахмад София марапатталды. Салтанатты жиын жоспарға сәйкес 10.00 – де басталып, 12.00 – де аяқталды. Салтанатты жиын мемлекеттік Гимнмен басталып, мектеп директоры Нурлыбаева Жамал Нуратаевна сөз кезегін алды. Директордың ОТЖ орынбасары Жексембекова Бекзат Сүймбекқызы аттестаттарды тапсыру туралы бұйрықпен таныстырып, мектеп директоры түлектерге жалпы орта білім алғандықтары туралы аттестаттарын тапсырды. Өз кезегінде оқушылар алтын ұя – мектебіне, ұстаздарға алғысын білдірсе, сынып жетекшілері және ата-аналары түлектерге ақ жол тілеп, құттықтау сөздерін арнады