«Балалардың қауіпсіздігінің алдын алу, ата-аналардың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбы аясында жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Балалардың қауіпсіздігінің алдын алу, ата-аналардың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбы аясында жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы
21
октябрь
2022

«Балалардың қауіпсіздігінің алдын алу, ата-аналардың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбы аясында жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы

Балалар жылы аясында 2022 жылдың 18 қазан күні Талдықорған қаласы «К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп» КММ-де «Балалардың қауіпсіздігінің алдын алу, ата-аналардың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбы аясында жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Тақырыпқа сай жиналысқа  1-11 сынып оқушыларының  ата-аналары шақырылды. Жиналыс барысында Ата-аналар комитетінің төрайымы Сұлтан Динара «Балалардың қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріндегі жауапкершілігі» тақырыбында баяндамасын оқыды, құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында Талдықорған ҚПБ Ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Болатқызы Айнур сөз кезегін алды, «Синтетический наркотик» тақырыбында Облыстық психологиялық денсаулықтың алдын алу орталығының маманы Чевченко Татьяна Ивановна өз баяндамасын ұсынып, Талдықорған қалалық емханасының валеологі Шарипбаева Алина Аскарбековна «Адам ағзасы және зиянды заттар» тақырыбында баяндамасымен аяқтады. Жиналыс соңында қойылған сұрақтарға арнайы мамандар өз деңгейінде жауап берді.