«Мектепке жол» республикалық акциясы » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол» республикалық акциясы
27
июль
2022

«Мектепке жол» республикалық акциясы

2022 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда «Мектепке жол» республикалық акциясы өтеді. Биылғы жылы ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жарияланған Балалар жылын жүзеге асыру аясында жүргізілуде. Акция 2022 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық!» ұранымен өтеді.  «Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармауының алдын алу болып табылады.   К.Ушинский атындағы орта мектеп қаламыздың барша азаматтарын, кәсіпкерлерді, меценаттарды акцияға қосылып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлестерін қосуға шақырады. Акцияға қосылғысы келетіндер сенім телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз 87479379190; 87078941983.