«Абай жолы» романын оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абай жолы» романын оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру
26
апрель
2022

«Абай жолы» романын оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру

Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп» КММ-де «Абайды білмек парыз ойлы жасқа...» тақырыбында сабақ конференциясы өткізілді.
Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы бойынша «Абай жолы» романын оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыруға ықпал ету. Оқушылардың қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жетілдіру. Абайдың ұлылығын, оның поэзиясы мен қара сөздерінің  тереңдігін түсінуіне ықпал ету.Оқушылардың өлеңдерді талдау машықтарын жетілдіру. Сөйлеу мәдениетін  дамыту.
Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу сезімдерін оятып, нығайту. Еңбекқорлыққа, талаптылыққа, білімқұмарлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Конференция -сабағымыз Абайдың шығармашылығына байланысты бірнеше бөлімнен тұрады:
І бөлім. Абайды білмек парыз ойлы жасқа ... (жүргізушілері – Гауһар мен Перизат)
ІІ бөлім. Абай – сазгер (жүргізушісі- Перизат)
ІІІ бөлім. Абай – данышпан ойшыл (жүргізушісі- Еркежан)
ІҮ бөлім. Абай - аудармашы (жүргізушісі- Досым)
Ү бөлім. «Абай жолы» романынан үзінді «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңінің дүниеге келуі тарихынан көрініс.
ҮІ бөлім.Абай өлеңдерін жатқа айту.
«Абай – адамзаттың  өркениет тарихындағы  ұлы тұлға. Абай қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны»,- деген Федерико Майордың сөзімен аяқталды.