«Сыйынар ем ана деген тәңірге» » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
март
2022

«Сыйынар ем ана деген тәңірге»

2022 жылдың 5 наурыз күні «2022 жыл – Балалар жылы» аясында, «Өзін-өзі басқару ұйымы» мүшелері , мектептің ер азаматтары және 10 сынып оқушылары мұғалімдерді дәлізден ән-шашуларымен қарсы алды.
-    Халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мерекелік бірыңғай концерттік бағдарламасы өткізілді. Мақсаты: балалардың аналарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу. Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Салтанатты кешті домбырашылар ансамблі халық күйі «Айжан қызды» орындап  бастады. Аталған іс-шараға 3 а сынып оқушылары, 4 сынып оқушылары , 5 сынып оқушылары , 8 ә сынып оқушылары атсалыса қатысты.  Кешіміздің соңы мектебіміздің ер азаматтарының құттықтауымен аяқталды.