«Адамгершілік – асыл ұғым» тақырыбына дөңгелек үстел » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адамгершілік – асыл ұғым» тақырыбына дөңгелек үстел
04
февраль
2022

«Адамгершілік – асыл ұғым» тақырыбына дөңгелек үстел

Адамгершілік – мәңгілік тақырып. Бұл тақырып ешқашан маңыздылығын жоғалтқан емес.
Адамгершілік -  адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. 
Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету мақсатында «К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп» КММ мектеп кітапханасында 9 «А» сынып жетекшісі А.Т.Бекежанова  сыныбымен «Адамгершілік – асыл ұғым» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Таза мінсіз асыл тас

Су толқытса, шығады.

Таза мінсіз асыл сөз 

Ой толқытса, шығады,- деп дала философы Асан қайғы бабамыз айтқандай, оқушылар тек көрермен ғана болмай, адалдық, шыншылдық, сыйласым, қанағат тақырыбы бойынша өз ойларын айтып,  сыныптастарының бағалы пікірлерін тыңдады.