03
декабрь
2025
2-сыныптар арасында “Ертегілер елінде” тақырыбында сахналық қойылым өткізілді.
Ағымдағы жылдың 3 желтоқсан күні 2-сыныптар арасында “Ертегілер елінде” тақырыбында сахналық қойылым өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ертегілерге деген қызығушылығын арттыру, көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және сахна мәдениетін үйрету.
Қойылым барысында әр сынып өздеріне берілген ертегілерді сахналық қойылым түрінде көрсетті. Оқушылар белсенділік танытып, кейіпкерлер бейнесін сенімді сомдап, көрермендерге өз өнерлерін жоғары деңгейде ұсынды. Іс-шара көңілді, тәрбиелік мәні зор және балалардың ынтасын арттырған маңызды шара болды.
https://www.instagram.com/reel/DRzVIItiIqf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==