Тамақтандыру.Тамақтандыру сапасына мониторингі
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектепбі"КММ бойынша
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу туралы
АНЫҚТАМА
Мектеп асханасын ай сайынғы бракераждық комиссия тексеруден өткізді. Қазан айының 23 күні кезекті тексеріс өтті. Комиссия төрайымы – мектеп директоры И.Розакова, комиссия мүшелері: ТЖ орынбасары –А.Касымбаева, әлеуметтік педагог – Д.Мухатаева, медбике – Б.С.Келисова, қамқоршылық кеңесінің төрайымы – К.Рабийчук, ата-аналар комитеті – К.Вогапова, М.Калачева.
Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталған. Мектепте әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке-жеке сақталады. Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормалар сақталған. Тағамдардың сертификаттары бар, мерзімдері жарамды. Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы жұмыс киімдері бар. Асхана жұмысшыларының медициналық кітапшалары бар, мерзімдері жарамды.
Тексеру нәтижесі бойынша тоңазытқышта тауар көршілестігі сақталмағаны анықталды. Жалпы асхана жұмысы санитарлық талапқа сай.