"АТА БАБА ДӘСТҮРІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ" » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2020

"АТА БАБА ДӘСТҮРІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ"

«К.Ушинский атындағы №7 орта мектебінде» 2020 жылдың 30 қаңтар күні «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасы бойынша «Салт-дәстүрім бойымдағы тұмарым» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы терең түсінік беру, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру.Ата-баба дәстүрлерін насихаттау.Отанын, туған жерін, елін қадірлеу, қастерлеу, қорғауға шақыру. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», – деген ұлы қаламгер М.Әуезов. Қазақ халқында жаңа өмірдің, жарық дүниенің есігін ашқан нәрестенің өзіне сый-құрмет көрсетіліп, дәріптейтін лайықты салт-дәстүрлері бар. Әлемдік жаһандану үрдісіне қадам басқан жаңа ғасырда әр халық, ұлт дінін, тілін, мәдениетін, тарихын мейлінше сақтап қалуға әрекет етуде. Олай болса салт-дәстүр – өсіп келе жатқан баланың ой-санасын қалыптастыруға, өзінің ұлт өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін тигізеді.Тәрбие сағатына 2-10 сынып оқушылары қатысты. Тәрбие сағаты қазақ халқының қолөнер бұйымдарынан ұйымдастырылған көрмеден бастау алды. Іс-шара барасында оқушылар қазақ халқының ұмыт болған көне салт-дәстүрлерін көрініс арқылы көрсете білді. Жалпы көріністе 15 түрлі салт-дәстүр көрсетілді. Оқушылар ән шырқап, би билеп көрермендерді қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын еске түсіре білді.

"АТА БАБА ДӘСТҮРІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ"
"АТА БАБА ДӘСТҮРІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ"
"АТА БАБА ДӘСТҮРІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ"
"АТА БАБА ДӘСТҮРІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ"
"АТА БАБА ДӘСТҮРІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ"
"АТА БАБА ДӘСТҮРІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ"
"АТА БАБА ДӘСТҮРІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ"
"АТА БАБА ДӘСТҮРІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ"
"АТА БАБА ДӘСТҮРІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ"
"АТА БАБА ДӘСТҮРІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ"
"АТА БАБА ДӘСТҮРІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ"
"АТА БАБА ДӘСТҮРІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ"