Кәсіптік даярлық, кадрларды кәсіптік даярлау » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәсіптік даярлық, кадрларды кәсіптік даярлау
07
октябрь
2022

Кәсіптік даярлық, кадрларды кәсіптік даярлау

Кәсіптік даярлық, кадрларды кәсіптік  даярлау – білім беру жүйесінің маңызды саласы мамандар мен жұмысшыларға  кәсіптік білім беру, оларды  мамандыққа  даярлау,  қайта оқыту  және  олардың  біліктілігін  көтеру.  2022  жылдың 07 қазан күні 8-9 сынып оқушыларымен «Мектептен еңбекке»  жобасының таныстырылымы өткізілді.  Барлығы  68 оқушы қатысты. Кәсіптік білім жастарымыздың мамандық таңдауы үшін қажетті өрісті қамтамасыз етуге, ал ересек тұрғындар үшін олардың жаңа жоспарлы іспен айналысуына, кәсіби шеберлігін жетілдіруіне бейімделген. Қазіргі  жастардың  кәсіптік білімге деген қызығушылықтарының арта бастағанын байқаймыз. Жоба арқылы теориялық білім тәжірибемен ұштасып, маман кәсібіне төселіп, көш ілгері жұмыс атқаруға қабілеті артады.  Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.  Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы орын алуда.