«Денсаулық – зор байлық» эстафетасы » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Денсаулық – зор байлық» эстафетасы
16
апрель
2022

«Денсаулық – зор байлық» эстафетасы

2022 жылдың 15 сәуір күні «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп» КММ-де «Мен және менің полицейім» атты акциясы аясында ұйымдастырылған «Денсаулық – зор байлық» эстафетасы ұйымдастырылып өтті. Эстафетаға №7 орта мектеп, №9 орта мектеп, № 15 орта мектеп, №22 орта мектеп, №25 орта мектеп, № 28IT-мектеп инспекторлары және оқушылары қатысты. Ашылу барысын педагог-ұйымдастыру А.Оспанғазы ұйымдастырып, алғашқы сөз кезегі «Лидер KZ» волонтерлық орталығының басшысы Шведин Никита Викторович және Талдықорған қалалық әкімінің пресс-секретары Шакенов Мади Кайраткалиұлына берілді. Төрешілікке Сальменбаев Дастан Кенжеғалиұлы және Маратов Алибек Алмасұлы ұсынылып, төрешілік етті.  Әр команда 1 инспектор және 5 оқушыдан құралды. 
Жарыс бағдарламасы
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларлы сапқа тұрғызу, спорттық киімдеріне назар аудару.
Оқушыларды бір қатар етіп жүргізе отыра топқа бөлу және дене қыздыру жаттығулары орындау.
Доппен жүгіріп кольцоға қою.
Қаппен секіру.
Допты торға тастау.
Математикалық есеп.
Арқан тартыс.
Жарыс соңында орын алған командаларды Ювиналдық полиция тобының аға инспекторы Жанысбеков Бейбіт және «К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп» КММ директоры Нурлыбаева Жамал Нуратаевна марапаттады.