Жетісулық Ауған соғысы құрбандары монументі » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетісулық Ауған соғысы құрбандары монументі
15
апрель
2022

Жетісулық Ауған соғысы құрбандары монументі

1979 жылдың 25-желтоқсанында Кеңес Одағының армиясы Ауған жеріне кіргізілген болатын. Осылайша олар жат мекенде 1989 жылдың 15-ақпанына дейін соғыс қимылдарын бастан өткерді. Сол қанды қапасқа Жетісу жерінен өздерінің азаматтық борышын өтеу үшін талай ержүрек сарбаздар да аттанған болатын. Жетісулық Ауған соғысы құрбандарына арналған монументті құрметтеп, дәріптеу мақсатында 2022 жылдың 14 сәуір күні «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп» КММ-нің 8-сынып оқушыларының қатысуымен, ескерткіш жанында іс-шара өткізілді. 
Мақсаты өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбиені дәріптеу,  ескерткіштер туралы оқушыларға мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі болашаққа аманат екенін түсіндіру.
Шара барысында гүлшоқтары қойылып, 1 минут үнсіздік орнады. Оқушылар дайындаған өлең шумақтары оқылып, «Атамекен» әнімен өз мәресіне жетті.