16
декабрь
2021
"Жазылған жоқ Желтоқсанның жарасы"
15 желтоқсан күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мен Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен бірлесе ұйымдастырылған "Жазылған жоқ Желтоқсанның жарасы" тақырыбында желтоқсан оқиғасына қатысушыларымен кездесу кеші өтті . Кездесу кешінің мақсаты - желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгендігімізді келер ұрпақтың сана - көкжиегіне сіңіру болды.
Кеш барысында , Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, полковник Ерен Оқасұлы Мейрембеков, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасының директоры Ғалия Сламбайқызына Тоқабаева құттықтау лебізін білдірді. Сондай - ақ, «Қанабек Байсейітов» атындағы музыкалық колледжінің 2 - курс студенті Хаметсапа Алишер ән - шашу жасап, Жетісулық ақын, сөз зергері Әмина Адайхан патриоттық өлең оқып, келген қонақтарды тәнті етті .