21
октябрь
2021
«Күзгі балл-2021»
Күз - Жыл мезгілдерінің ішіндегі ең бір адамзат баласына көтеріңкі көңіл-күй мен тамаша әсер сыйлайтын ғажайып шақ. Осыған орай, сары желекке оранған Алтын күздің қақ ортасы қазан айының 18-20 аралығында «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп» КММ-де дәстүрлі «Күзгі балл-2021» атты 8-10 сыныптар арасында байқау өтті. Байқау бірнеше кезең бойынша жүзеге асты. Сайысқа қатысқан оқушылар әр түрлі заттардан бұйымдар жасап, киім тігу коллекциясында он саусағынан өнер тамған шебер екендіктерін көрсетіп, әділ қазылар алқасының таңдайын қақтырды. Осындай керемет байқауда мектебіміздің игі әділ қазы алқалары да өздерінің әділ бағаларын берді.