“Қарттар күні” мерекесі » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
октябрь
2021

“Қарттар күні” мерекесі

Биыл 1-қазан күні “Қарттар күні” мен “Ұстаз күні” тұспа тұс келіп тұр. Сол себепті, Алматы облысы білім басқармасы Талдықорған қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесі және К.Ушинский атындағы #7 орта мектеп КММ-сі ұжымы бірлесіп біздің ардагер ұстаздарымызды мерекелерімен құттықтап, мұғалімдер ұжымы арнайы құттықтау жолдады. Видео сәлеммен бірлері тікелей байланысқа шығып жатса, енді бірлері отбасыларына барып мерекелерімен құттықтап, қуаныштарымен бөлісіп қайтты. Біздің тәлімді тәлімгерлеріміз, ұстаздардың ұстазының бірі, ардагер ұстазымыз Маруа Кабибулаеваның үйіне барып, гүл шоғын ұсынып, білім бөлімі жолдаған құттықтау хатын ұсынып, алғысқа бөлеп қайтты. Біз қашанда ардагерлерімізді мақтан етеміз, сол кісілердің аман-есен ортамызда жүруіне тілектеспіз.