Тамақтандырудың сапалық мониторингі » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сентябрь
2025

Тамақтандырудың сапалық мониторингі

"К.Ушинский атындағы №7 орта мектепбі"КММ бойынша

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу туралы

/2025-2026 оқу жылы/

АНЫҚТАМА

            Мектеп асханасын ай сайынғы бракераждық комиссия тексеруден өткізді. Қыркүйек айының 5 күні кезекті тексеріс өтті. Комиссия төрайымы – мектеп директоры  И.Розакова, комиссия мүшелері: ТЖ орынбасары –А.Мыктыбаева, әлеуметтік педагог – Д.Мухатаева, медбике – А.Шаншарбаева, ата-ана комитеті мүшесі – С.Жігербек, ата-аналар комитеті – А.Жарылкасымова.

            Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталған. Мектепте  әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке-жеке сақталады. Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормалар сақталған.  Тағамдардың сертификаттары бар, мерзімдері жарамды. Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы жұмыс киімдері бар. Асхана жұмысшыларының медициналық кітапшалары бар, мерзімдері жарамды.

            Тексеру нәтижесінде асхана жұмысы  санитарлық талапқа сай.