04
октябрь
2023
04 қазан күні күні мектебімізде өткен жалпы Президент сайлауында 473 сайлаушы өз дауыстарын беріп, сайлау мәресіне жетті.
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023-2024 оқу жылының «Өзін өзі басқару» ұйымының Президентіне үміткер 7 оқушы сайлау алды үгіт насихаттарын жүргізіп, 04 қазан күні күні мектебімізде өткен жалпы Президент сайлауында 473 сайлаушы өз дауыстарын беріп, сайлау мәресіне жетті. Бүкіл мектепішілік сайлау нәтижесінде мектеп Президенті лауазымына, атап айсақ 48% пайыз дауыс жинаған 9 «Ә» сынып оқушысы Құмар Ақниет сайланды. Сайлау қорытындысы бойынша жоғары дауыс жинаған 7 үміткер өзін-өзі басқару ұйымының құрамына енді. Олардың барлығы жаңа идеяларын ұсынып, өз бағдарламалары мен жобаларын дамытып жетілдіре білді.