03
декабрь
2022
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№2- орта мектеп" КММ "Тарих тағлымы" жоба жоспарына сәйкес 02.02.2022 ж. күні қалалық Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№2- орта мектеп" КММ "Тарих тағлымы" жоба жоспарына сәйкес 02.02.2022 ж. күні қалалық Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Қазақ даласының қайсар қызы" атты іс-шара №2,7,8 тірек мектептер арасында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: аты аңызға айналып, ерлік ісі барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың қызы Мәншүк Мәметованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа өнеге етіп, паш ету. №2,7,8 тірек мектептердің 9-сынып оқушылары арасында интеллектуалды сайыс өткізілді. І- орын №7 ОМ Байбулатова Еркежан, ІІІ- орын №7 ОМ Толеуханова Азиза, Алғыс хатпен Асхатқызы Ұлар марапатталды. Жетекшісі: Молдабаева Жанна Маратовна қалалық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.