13
сентябрь
2022
«Ана тілің –арың бұл!» атты мәнерлеп оқу сайысы
Бүгін К.Ушинский атындығы №7 орта мектебінің көрініс залында Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне орай Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толу мерейтойына арналған «Ана тілің –арың бұл!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыста 5-11 қазақ, орыс сынып оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Нақтырақ айтсақ,сайыста 14 оқушы бақтарын сынады. Бұл іс-шарада 11 «Ә» сынып оқушылары Омарғазинова Үміт пен Теңселбаева Сая, Батырбек Әлия, Құмар Ақниет, Тұматай Әбілмансұр ақын өлеңдерін мәнерлеп,нақышына келтіре оқыса, 7 «В» орыс сыныбының оқушылары Гребиников Ярослав, Гурьев Артем Самарқанқызы Дана, Имандосов Нурали сияқты оқушылар да өнерлерін ортаға салып, көрермендердің алғысына бөленді. Әділ -қазылар алқасы тағайындалып, іс-шараның қорытындысы жасалынды. Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.