Біз біргеміз! » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
14
январь
2022

Біз біргеміз!

Біз біргеміз! Жамал Нұрлыбаева
 Талдықорған қалалық маслихатының депутаты:
 - Қоғамдық қауіпсіздікті қамтымасыз ету үшін заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Мемлекет басшысы елімізде төтенше жағдай енгізіп, жедел түрде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекпен тыс сессиясын ұйымдастырды.Қазақстан қаңтар айының басында тап болған оқиғалар қауіпсіздік, егемендік және мемлекеттің тұтастығын жоғалту қаупін төндірді. Еліміздің бірқатар аймақтарындағы жақсы дайындалған Қарулы содырлардың тәртіпсіздіктеріне қарсы тұрумен айналысатын Күштік және құқық қорғау органдарының барлық мүмкіндіктерін таразылап, Мемлекет басшысы сол кезде өте дұрыс шешім қабылдады. Адамдар мен көліктерді текскру,сондай-ақ стратегиялық нысандарға бақылау орнатуды жүзеге асыру мақсатымен елді мекендердің аумағына блокбекет қойылуы еліміздегі жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданған белсенді шаралар деп білемін.