04
декабрь
2021
"Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат"
Желтоқсан айының 3-жұлдызында мектебімізде дәстүрлі "Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат" бағдарламасы бойынша "ТӘУЕЛСІЗДІК - ТӘҢІР БЕРГЕН ТӘТТІ СЫЙ" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Аталмыш шара
-Еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толуы, тәуелсіздікке қалай жеткені туралы білім беру.
-Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
-Елін, халқын, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азаматтардың сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
-Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Шараны тамашалауға "Ардагерлер үйінен" ата-апаларымыз келіп, ақ баталарын, жылы лебіздерін білдіріп кетті.
Тәрбие сағатында 2 "А" қазақ сыныбы және орыс сыныптарының оқушылары өлең-жырларын тарту етсе, жоғары сынып оқушылары ән шырқап, тақырыпқа сай көрініс көрсетті.