«Түлек 2022- Жаңа Қазақстанның ертеңі» » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Түлек 2022- Жаңа Қазақстанның ертеңі»
25
май
2022

«Түлек 2022- Жаңа Қазақстанның ертеңі»

Ағымдағы жылдың 25 мамыр  күні 1-11 сынып оқушыларымен «Түлек 2022- Жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбында соңғы қоңырау мерекесі өткізілді. Салтанатты әуеннің ырғағымен мектеп оқушылары мерекелік алаңға келіп тұрып, шақырылған қонақтар, ұстаздар, ата-аналар құрметті орынға отырғызылды. 
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Н.Журсиновтың жетекшілігімен ту кіргізілді. Іс-шара жүргізушілеріміздің сөзінен басталып,  мектеп директоры Нұрлыбаева Жамал Нұратайқызы құттықтау сөзін сөйледі.  Директордың оқу-тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Жексембекова Бекзат Сүйімбекқызы оқу жылының аяқталуы бойынша бұйрықпен таныстырды. Жүректері  лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектеріміз ізгі тілектерін жолдады.