08
апрель
2022
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
2022 жылдың 08 сәуір күні «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп» КММ базасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мектеп инспекторы, мектеп медбикесі және педагог-психологтардың қатысуымен, 9-10 сынып оқушыларына профилактикалық іс-шара жүргізілді. Шара мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.