Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасының қалалық кезеңі » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасының қалалық кезеңі
21
февраль
2018

Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасының қалалық кезеңі

К.Ушинский атындағы №7 орта мектебінде 15.02.2018 ж. Білім инновация лицейі, «KATEV» қорының қолдауымен Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасының қалалық кезеңі болып өтті.
Олимпиаданың мақсаты:
- мемлекеттік тілдің аясын кеңейту;
- қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;
- оқушылардың бойында шығармашылық, ізденушілік қабілеттері мен мәдени дүниетанымын дамыту;
- қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру
«Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы салтанатты түрде ашылды. Қазақ тілі, ана тілі туралы өлеңдер оқылып, қазақ биі орындалды.
«Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасының ашылу салтанаты Білім инновация лицейі директорының орынбасары, облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасының ұйымдастырушысы Өмірзақова Бекзат Ертісқызының құттықтау сөзімен басталды.
Талдықорған қалалық білім бөлімінің әдіскері Мария Құрмашқызы Садуақасова олимпиадаға қатысушы оқушыларды «Жарқын болашақ» олимпиадасы бағдарламасымен және қонақтар мен әділқазылар алқасын таныстырды.
Қалалық «Жарқын болашақ» олимпиадасында 3 түрлі байқау ұйымдастырылды:
1. «Тілші-әдебиетшілер»
2. «Жазушылар»
3. «Сөз шеберлері»
Олимпиадаға қатысушы оқушылар өз бөлімдері бойынша кабинеттерге бөлінді. Олимпиаданың өтілу тәртібі мен барлық талаптары орындалды.
Берілген уақыт аралығында комиссия мүшелері оқушылардың жұмыстарын тексеріп, бағаларын берді.
К.Ушинский атындағы №7 орта мектебінен олимпиадаға қатысып, ІІ орынға ие болған 10 а сынып оқушысы А.Жаркенова, ІІІ орын иеленген 11 а сынып оқушысы А.Бесетаева, 11 б сынып оқушысы Н.Ан өз жеңістерін «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арнайтындығын айтты.




Информация о проведении мероприятий в целях реализации программы «Рухани жаңғыру» по СШ №7 им.К.Ушинского.


В рамках программы «Рухани жаңғыру» 15.02.2018г в средней школе №7 имени К.Ушинского при содействии БИЛ ,а также фонда «KATEV»
прошел городской тур республиканской олимпиады «Жарқын болашақ»
Цель олимпиады:
- расширение сферы государственного языка
- развитие к творческим способностям и исследовательской деятельности
- освещение культурных и духовных ценностей казахского народа
- повышение интереса к казахскому языку, литературе, культуре, обычаю и истории.
На торжественном открытии олимпиады по казахскому языку и литературе «Жарқын болашақ» прозвучали стихотворения о казахском языке и исполнились национальные танцы.
С торжественной речью на открытие выступила организатор олимпиады заместитель директора «БИЛ» Омирзакова Б.Е
Методист отдела образования города Талдыкорган М.К Садуакасова ознакомила гостей и участников с программой проведения олимпиады.
Городской тур олимпиады состоит из трех конкурсов
1.Журналисты-литераторы
2.Писатели
3.Словесная мастерство
При проведении олимпиады были соблюдены все правила и требования.
В отведенное время работы участников были проверены и оценены членами жюри. В данной олимпиаде ученики средней школы №7 имени К.Ушинского занявщие II место Жаркенова Анель 10 А класса, III-место Бесетаева Акжан 11а класса ,Ан Наталья 11 Б класса внесли в свой вклад в выполнении программы «Рухани Жанғыру»