ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ – МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ МЕН ШЕБЕРЛІГІНІҢ ЖЕМІСІ » К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ – МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ МЕН ШЕБЕРЛІГІНІҢ ЖЕМІСІ
20
ноябрь
2017

ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ – МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ МЕН ШЕБЕРЛІГІНІҢ ЖЕМІСІ

 

 

  Мектеп келешек ел басқарар, жер басқарар, елі мен халқын гүлдентер, мейірін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя. Ал сол мектептің негізгі тірегі – білімді де білікті Ұстаз. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – осы ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі.

Ұстаз – шәкірттердің жан дүниесін қалыптастыратын және шәкірттердің жақсы қасиеттерінің өсуіне себепкер болатын, сонымен қатар шәкірттің жүрегін, жанын азықтандыратын адам.

Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. Биылғы 2017-2018 оқу жылынан бастап қаламыздағы барлық мектептері болып жаңа білім беру жүйесіне көшкелі бері, біздің мектеп ұжымы үшін үлкен жетістіктер мен жеңістерге толы жыл болды. Біздің білімді, дарынды оқушылары — көптеген байқаулар мен сайыстарға, олимпиадалар мен конференцияларға қатысып, ұжым абыройын асқақтатып отыр.

Қараша айының 15 күні мектепішілік пән олимпиадасы өтті. Пән олимпиадасына 5-11 сынып оқушылары қатысты. Өз білімдерін дәлелдеген оқушылар жүлделі орындарға ие болып,мақтау қағаздарымен марапатталды.Сонымен қатар, мектебімізде «Ақбота» интеллектуалды марафоны өтті. Бұл марафонға 5-8 сынып оқушылары қатысып, жеңімпаздар анықталынды.Олар сертификаттармен марапатталды.

 

Похожие публикации:

10 октябрь 2017 Әдістемелік кеңес
01 сентябрь 2017 Мектеп тарихы